Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алматылық клуб академиясының тәрбиеленушілерімен жолдастық кездесу өткізді
Кеше 16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (2000 ж) «Қайрат» футбол клубының базасында 1999 жылы туған алматылық клуб академиясының тәрбиеленушілерімен жолдастық кездесу өткізді.
Алғаш есепті Қазақстан жасөпірімдер құрамасы ашты. 21-минутта Владислав Прокопенко мергендік танытып, көзге түссе, 51-минутта Сұлтан Сағынаев есепті 2:0-ге жеткізді. «Қайрат» футболшылары кездесудің соңына қарай есеп айырмасын қысқарта алды. Қорытынды есеп - 2:1.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасында алаңға шыққан ойыншылар: Медведев (Устименко), Шәмші (Совет), Куцевол (Ілиясов), Тұрсын (Қашкен), Айтым, Усачев (Шавернев), Сағынаев (Кеңесов), Мұқашев (Махан), Сидоров (Нағашынбаев), Ульшин, Прокопенко (Ваганов).
Еске сала кетейік, Василий Маруняк шәкірттері Бакуде өтетін халықаралық турнирге дайындалуда. Олар турнирде Грузия, Әзірбайжан және Грекия елдерінің футболшыларымен ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25