Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Буркина-Фасо құрамасымен жолдастық матч өткізеді
Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.
Буркина-Фасо құрамасы ФИФА рейтингінде 66-шы орында тұр. Құраманы 59 жастағы бельгиялық бапкер Паул Пут жаттықтырады. Буркина-Фасо елінің шабуылшысы Аристид Бансе павлодарлық «Ертіс» клубында ойнайды.
«Буркина-Фасо – Африканың мықты құрамаларының бірі. 2013 жылы Африка Кубогының финалында ойнаған. Құрама сапында Еуропа чемпионаттарында ойнайтын Бакари Коне («Лион», Франция), Шарль Каборе («Кубань», Ресей), Алан Траоре («Монако», Франция), Стив Яго («Тулуза», Франция), Джонотан Зонго («Альмерия», Испания), Преджус Нукулма («Мелсин», Түркия) сынды тәжірибелі футболшылар бар», - дейді Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан.
Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Буркина-Фасо құрамасы арасындағы жолдастық матч 12 мамыр күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Матч сағат 18:00-де басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25