Футзал. Бүгін «KAZsport» телеарнасы «Қайрат» пен «Дина» арасындағы матчты тікелей эфирде көрсетеді
24 сәуірде УЕФА Кубогының «Төрттік финалында» жартылай кезеңнің ойындары өтеді. Лиссабондағы (Португалия) бірінші жартылай кезеңде қазақстандық «Қайрат» пен ресейлік «Дина» командалары кездеседі. Ал, екінші жартылай финалда португалиялық «Спортинг» пен испаниялық «Барселона» сынға түседі.
Айта кетейік, 2001 жылы құрылған алматылық «Қайрат» 2012/2013 маусымында «Төрттік финалында» жеңіске жеткен еді. Ал, 1991 жылы құрылған ресейлік «Дина» (Ресей) УЕФА Кубогының финалында алғашқы рет ойнауда.
Екінші жартылай финалда 1986 жылы құрылған атақты испаниялық «Барселона» ойнайды. Олар 2011/2012 мен 2013/ 2014 маусымдарда УЕФА Кубогын иеленген. Олардың қарсыласы – алаң иелері 1989 жылы құрылған португалиялық «Спортинг» клубы.
Барлық ойындар Лиссабондағы «МЕО-Аренада» өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер «Дина» мен «Қайрат» арасындағы жартылай финалдық ойынды бүгін сағат 23:50-де тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасынан көре алады.
Сонымен қатар, «KAZsport» телеарнасы 26 сәуірде сағат 19:50-де «Төрттік финалдағы» 3-ші орын үшін кездесуді және сағат 22:20-да 2015 жылғы футзалдан УЕФА Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетпек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25