Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 8 мамырда Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді
Алматы облысындағы жиын кезінде қазақстандық футболшылар Буркина-Фасо құрамасымен өткізетін жолдастық матчына дайындалады.
Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алған футболшылар:
Қақпашылар: Логиновский Владимир («Астана»), Покатилов Стас («Ақтөбе»), Цирин Антон («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Ахметов Елдос («Астана»), Абдулин Ренат («Ордабасы»), Бейсебеков Абзал («Астана»), Воротников Илья («Тараз»), Гурман Марк («Қайрат»), Қуантаев Ермек («Қайрат»), Логвиненко Юрий («Ақтөбе»), Малый Сергей («Ордабасы»), Сүйімбаев Гафуржан («Ордабасы»), Шомко Дмитрий («Астана»);
Жартылай қорғаушылар: Жолшиев Бауыржан («Астана»), Досмағамбетов Тимур («Тараз»), Жұмаханов Санат («Тараз»), Жуков Георгий («Астана»), Исламхан Бауыржан («Қайрат»), Қонысбаев Ұлан («Астана»), Лунин Станислав («Қайрат»), Мухутдинов Альмир («Тараз»), Мұртазаев Роман («Шахтер»), Нұргалиев Азат («Ордабасы»), Смақов Самат («Ертіс»);
Шабуылшылар: Нөсербаев Таңат («Астана»), Хижниченко Сергей («Ақтөбе»), Алексей Щеткин («Астана»).
Қазақстан Кубогының 1/8 финалы мен Премьер-лиганың екі турының ойындары ескеріліп, келесі футболшылар шақырту алуы мүмкін: қақпашылар - Сидельников Андрей («Ордабасы»), Эрич Ненад («Астана»), қорғаушы - Мирошниченко Дмитрий («Ақтөбе»), жартылай қорғаушылар - Дарабаев Аслан («Қайрат»), Қожамберді Жақып («Тараз»), Тағыберген Асхат («Ақтөбе») және шабуылшы - Жаңғылышбай Тоқтар («Астана»).
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Буркина-Фасо құрамаларының арасындағы жолдастық матч 12 мамырда Алматының Орталық стадионында өтеді. Матч 18:00-де басталады.
Фото: ҚФФ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45