Қазақстан Ұлттық құрамасы Кабо-Вердемен жолдастық матч өткізеді
Қазақстан футбол федерациясының жетекшілігі 16 маусым күні Алматыда тағы бір жолдастық матч өткізу жөнінде алдын ала келісімге келді.
Бұл матчта біздің футболшылардың қарсыласы Кабо-Верде құрамасы болмақ. Кабо-Верде футболшылары 31 наурыз күні Португалия құрамасын ұтты. Бүгінде Кабо-Верде құрамасы FIFA рейтингінде 37-ші орында тұр.
«Қазіргі уақытта алдын ала келісім жасалды. Тек ресми жұмыстар қалды, бұл халықаралық матчты ұйымдастырудың шешуші бөлігі. Дегенмен, Қазақстан – Кабо-Верде кездесуі 16 маусым күні Алматының Орталық стадионында өтеді»- дейді Қазақстан футбол федерациясы халықаралық бөлімінің жетекшісі Тұлпар Мансұров.
Еске сала кетейік, Алматыда Ұлттық құраманың екі матчы жоспарланған. 12 мамыр күні Қазақстан құрамасы Африканың вице-чемпионы Буркина-Фасомен жолдастық матч өткізеді. Ал, 12 маусым күні Еуро-2016 іріктеу турнирі аясында Түркия құрамасымен ойнайды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі .
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25