Шымкентте FIFA Live Your Goals фестивалі өтті
Шымкент қаласындағы «БИІК» базасының алаңында Live Your Goals деп аталған ФИФА-ның футбол фестивалі өтті. Шараға 6-12 жас аралығындағы қалалық орта мектептердің 400-ден астам оқушы қыздары қатысты. Қазақстан әйелдер құрамасы мен «БИІК-Қазығұрт» футбол клубының ойыншылары нұсқаушы қызметін атқарды.
Фестивальдің ашылу салтанатына Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов, Қазақстан футбол федерацисының Атқаршы комитетінің мүшесі Бауыржан Әбдубайытов қатысты. Олар бұл шараның әйелдер футболын дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға маңызы зор екенін атап өтті.
«Қазақстан тарихында алғаш рет ФИФА аясында осындай шараны ұйымдастыру сеніп тапсырылды. Төрт жылдың ішінде еліміздің барлық аумағын қамтуды көздеп отырмыз. Фестивальдің қорытындысы бойынша маңызды сұрақтарды түртіп алдық. Ең бастысы қыздар үлкен футболға алғашқы қадамын жасады», - дейді әйелдер футболының жетекшісі Әнуар Биданов.
Айта кету керек, ФИФА аясында өтетін бұл турнир 2011 жылдан бастап әлемнің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып келеді.
Live Your Goals фестивалін күзде Ақтөбе қаласында өткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25