Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде жеңіске жетті
31 мамыр күні 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Испанияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында екінші жолдастық матчын өткізді.
Карлес Марторелл шәкірттері «Камбрилс» футбол академиясына қарсы ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары - Марлен Айманов - дубль, Батыр Құдайбердінов және Жанәлі Пайруз бір-бір голдан салды.
Қазақстан құрамасының сапында алаңға шыққан футболшылар: Гуров, Аманжол, Кусяпов, Сүйінов (К), Бортай, Орал, Жақыпбаев, Таласбаев, Құдайбердінов, Кан, Айманов. Оларды алмастырған футболшылар: Пайруз, Жақсылық, Тұрсынбай, Тұрдиев, Кәрімов, Михайлов, Ярков, Серіков, Попов.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы келесі матчын 3 маусым күні «Эспаньол» футбол клубының жасөспірімдер командасымен өткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25