ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесті
Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Талдықорған қаласына жұмыс сапары барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесу өткізді.
Кездесуде аймақтағы балалар-жасөспірімдер футболын дамыту сұрақтары және «Жетісу» футбол клубының жағдайы қозғалды. Өңір басшысы аймақта футболды дамыту және танымал ету үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын және алдағы уақытта біршама істер күтіп тұрғанын атап өтті. Облыс әкімі Қазақстан Футбол федерациясының көмегімен әрі қарай балалар-жасөспірімдер футболын жан-жақты дамытуды қолға қолдамақ.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов «Жетісу» футбол клубының төңірегінде қалыптасқан мәселелерге назар аударды. Облыс басшысы Амандық Баталовтың айтуынша, бұл жағдай оның жеке бақылауында. Өткен маусымдағы қарыздың негізгі бөлігі төленіп, клубқа жаңа жетекші тағайындалған.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов бүінгі күннің екінші жартысында футбол қоғамдастығының өкілдерімен кездеспек.
Фото: kff.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25