Павлодарлық «Ертіс» клубына чехиялық жартылай қорғаушы Томаш Йирсак келеді
Чехиялық жартылай қорғаушы Томаш Йирсак жуық арада «Ертіс» футбол клубының сапына қосылады, деп хабарлады «Ертіс» футбол клубының баспасөз хатшысы Павел Самойло.
30 жастағы чехтің мансаптық жолындағы алғашқы клубы «Градец-Кралове» (Чехия) болған. Т.Йирсак бұл клуб сапында 40 рет жасыл алаңға шығып, 5 гол салған.
Сондай-ақ, Чехияның жоғары дивизионындағы «Теплице» клубында екі маусым өткізген жартылай қорғаушы 2007 жылы Польшаның «Висла» клубымен бес жылдық келісімшарт жасасқан.
2012-2015 жыл аралығында Болгарияның «Ботев» клубында ойнаған. Өткен маусымда Т.Йирсак 27 ойын өткізіп, 5 гол салған. Томаш Йирсак «Ертіс» футбол клубында енді 20-шы нөмірінде ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25