ҚР Президенті Кубогы. Қазақстан құрамасы (U-17) қырғыз футболшыларын 3:1 есебімен жеңді
ҚР Президенті Кубогының алғашқы жарыс күні Қазақстан мен Қырғыз Республикасының құрамаларының кездесуімен аяқталды. Екі команда да қорғаныстан емес, шабуылдан ойнады. Бірінші таймның ортасында Эмир Шигайбаев есеп ашып, Қырғыз елінің құрамасы алға шықты. Басымдықты ұстап, қарымта шабуылда есепті еселеуге тырысты. Алайда, ойын ережесін бұзған Оразбек Тимур екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.
Ойыншылар саны бойынша басымдыққа ие болған қазақстандық футболшылар басымдықты толық қолға алды. Бірінші таймда есепті теңестіріп қоймай, алға шығатын мүмкіндік болды. Алайда, доп қарсыластардың қақпасына енбеді.
Матчтың екінші жартысында Карлес Марторелл шәкірттері ойынды құтқаруға ұмтылды. 68-ші минутта Сағадат Тұрсынбай есепті теңестірсе, үш минутта кейін Мәди Жақыпбаев алға шығарды. Ойынның соңғы минутында Мұхит Жақсылық қарсыластардың қақпасына тағы бір гол соқты. Қорытынды есеп – 3:1. Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстан – Қырғыз Республикасы – 3:1 (0:1)
Голдар: Шигайбаев 23, Тұрсынбай 68, Жақыпбаев 71, Жақсылық
Қазақстан: Сейсен, Тұрсынбай, Бортай (к), Аманжол, Кусяпов, Орал, Кан, Жақыпбаев, Жақсылық, Құдайбердінов, Таласбаев
Қырғыз Республикасы: Сычев, Айтбаев, Мелисбеков (к), Джакыбалиев, Шигайбаев, Момошев, Алыкулов, Тимур, Ташиев, Борубаев, Шукуров
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45