«ҚР Президенті Кубогының» финалында Испания мен Әзірбайжан құрамасы ойнайды
Астанада VIII «ҚР Президенті Кубогы» халықаралық турнирі өтуде. 17 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы жарысқа 8 құрама қатысуда.
Испания құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Қырғыз Республикасының футболшыларын 7:0 есебімен ұтты. Осылайша турнир барысында 15 гол соғып, қақпасына бір де гол өткізбеген Испания құрамасы финалға шықты.
Айта кетейік, олар алғашқы ойында Тәжікстан құрамасын 3:0, ал Қазақстан футболшыларын 5:0 есебімен жеңген.
Енді 2015 жылғы «ҚР Президенті Кубогының» финалында Испания өз тобында бірінші орын алған Әзірбайжан футболшыларымен кездеседі. Ал, жарыстың қола жүлдесі үшін Грузия құрамасы мен Қазақстан-Тәжікстан жұбының жеңімпазы сарапқа салады.
Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы футболдан «ҚР Президенті Кубогы» халықаралық турнирін тікелей эфирде көрсетуде.
Фото: ҚФФ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25