«Қазақстан» РТРК» АҚ-ы «Астана» футбол клубының еуробәсекедегі барлық ойындарын көрсетеді
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Қазақстан футболын дамытуға өз үлесін барынша қосуда.
Бүгінгі таңда корпорация мен «Астана» футбол клубы арасында команданың УЕФА Чемпиондар Лигасы және қажет болса Еуропа Лигасы аясындары барлық ойындарын (өз алаңы мен қонақтағы) көрсету туралы келісім бекіді.
Осыған сәйкес ертең, яғни 22 шілдеде сағат 19:45-те «Астана» мен словениялық «Марибор» арасындағы матч «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, көрермендер 23 шілдеде сағат 08:40 пен 23:50-де ойынның қайталауын тамашалай алады.
Айта кетейік, Словениядағы алғашқы ойын 1:0 есебімен «Марибордың» пайдасына шешілген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25