«Kazsport» телеарнасынан «Қайрат» - «Абердин» кездесуі көрсетілмейді
Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясындағы алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Абердин» командаларының екінші кездесуі 6 тамыз күні Абердин қаласында (Шотландия) өтеді.
Алайда, шотландиялық телевизия өкілдері бұл ойынның түсірілімін өткізбейді. Бұл туралы «KAZsport» телеарнасының өкілдеріне жолдаған ресми хаттан белгілі болды.
«Осы маусымда біздің командаларымыздың еуропакубоктардағы матчтарын бірнеше рет көрсете алмай отырмыз, оларды көрсету үшін бар күшімізді салудамыз.
Мысалы, «Астана» мен «Марибор» арасындағы бірінші ойынның телевизиялық көрсетілімін көрермендерімізге ұсына алмадық. Себебі, Словенияның телеарналары Мариборда өткен матчты түсіруден де, көрсетуден де бас тартты, ал себептері бізге белгісіз.
«Абердин» мен «Қайрат» арасындағы матчты да көрсетуге мүмкіндік болмай тұр», - дейді «KAZsport» телеарнасының бас продюсері Павел Цыбулин.
Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Абердин» арасындағы бірінші кездесу 30 шілде күні Алматы қаласының Орталық стадионында өткен. Сол кезде «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал, «KAZsport» телеарнасы матчты тікелей эфирден көрсеткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25