«Астана» клубы «ХИК» командасын 4:3 есебімен ұтты (ВИДЕО)
Ойын Станимир Стойлов шәкірттері үшін нашар басталды. Себебі «ХИК» ойыншылары 4 минутта-ақ нәтижеге жетті. Финляндиялық команданың шабуылшысы Джаллоу Ненад Эрич қақпасына алғашқы гол соқты. Ал, матчтың 42 минутында Гидеон Баах есепті еселеп, қонақтарды алға шығарды.
Алайда 1-ші тайм аяқталар сәтте «Астана» сапынан Патрик Твумаси бір гол соғып, есепті 1:2-ге жеткізді. Осыдан кейін елордалық клубтың ойыншысы Джуниор Кабананга Бранко Иличтің орнына шықты. Бұл шабуылдарға жаңа серпін берді. Осының арқасында Тапио Хейккиля айып алаңында қолмен ойнап, «ХИК» қақпасына пенальти берілді. 11 метрден мүлт кетпеген Рохер Каньяс матчтағы есепті 2:2-ге жеткізді.
Ал, 56-шы минутта «Астана» ойында алғаш рет алға шықты. Гол авторы - Дмитрий Шомко. Алайда 86-шы минутта «ХИК» сапынан Зенели 11 метрлік айып добынан гол соғып, есепті 3:3-ке теңестірді.
Тек ойынның қосымша уақытында ғана «Астана» қорғаушысы Евгений Постников жеңіс голын соғып, есепті 4:3-ке жеткізді.
Енді қазақстандық команда Чемпиондар Лигасының плей-офф раундына шықты. Сонымен қатар, «Астана» клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Ойынның толық тұсқасын «KAZsport» телеарнасы сайтының мұрағатынан көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25