19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу матчтарына дайындықты бастады
Бүгін 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастады.
Ұлттық құраманың базасында аға жаттықтырушы Ойрат Сәдуовтің шәкірттері 9-15 қыркүйек аралығында жаттығу жүргізеді. 12 қыркүйек күні Қырғызстан жасөспірімдер құрамасымен жолдастық матч өткізеді. 16 қыркүйек күні футболшылар Хорватияға жол тартады. Ол жақта Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчтары өтеді. Қазақстандық футболшылардың қарсыластары - Венгрия, Хорватия және Черногория құрамалары.
Жаттықтырушылар штабы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:
Қақпашылар: Олег Грубов («Қайрат»), Егор Цуприков («Болат»), Бекжан Тоқтарбай («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Виктор Зябко («Оқжетпес»), Рүстем Әбдіразақов («Бәйтерек»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»), Айбар Темірбаев («Ақтөбе»), Валерий Леньков («Ертіс»), Мейіржан Кәмбіл («Бәйтерек»), Болат Тыныбек («Бәйтерек»);
Жартылай қорғаушылар: Максим Котов («Қайрат»), Рашид Люхай («Қайрат»), Максим Гладченко («Бәйтерек»), Ардақ Сәулет («Астана»), Александр Стародубов («Қайрат»), Айболат Макуов («Атырау»), Демият Сламбеков («Бәйтерек»), Геворг Наджарян (ЦСКА, Ресей);
Шабуылшылар: Виктор Пронь («Астана»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Арман Смайылов («Ертіс»), Владислав Васильев («Шахтер»), Мәдижан Айтпаев («Бәйтерек»)
Жаттықтырушылар штабы: Ойрат Сәдуов – аға жаттықтырушы, Қайрат Әубәкіров – жаттықтырушының көмекшісі, Александр Ильченко – дәрігер, Игорь Кулиш – қақпашылардың жаттықтырушысы, Александр Шапкин – массажшы, Максим Шауберт – әкімші, Александр Брейткрейц – менеджер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45