EURO 2016: Қазақстан Ұлттық құрамасының ойындарын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
Ұлттық арнадағы негізгі трансляциядан бөлек «KAZsport» телеарнасында сағат 21.00 де арнайы жоба эфирге шығады.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының EURO 2016 іріктеу турниріндегі Нидерланд және Латвия құрамаларына қарсы кездесулерін тікелей эфирде көрсетеді.
2014 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегерлеріне қарсы матч 10 қазан күні «Астана-Арена» стадионында өтпек. Трансляцияның басталу уақыты – 21.40.
Ұлттық арнадағы негізгі трансляциядан бөлек «KAZsport» телеарнасында сағат 21.00 де арнайы жоба эфирге шығады. 40 минутқа жоспарланған тікелей эфир барысында студия қонағы мен жүргізуші алдағы матч жайлы ойларын ортаға салады.
Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы кездесуін Ұлттық құрамамыз 13 қазан күні қонақта, Латвия футболшыларына қарсы өткізеді. Аталған матчтың трансляциясы Астана уақытымен 00.30-да басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25