Еуро-2016. Латвия-Қазақстан матчы 0:1 есебімен аяқталды
Риганың (Латвия) «Сконто» стадионында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Латвия-Қазақстан матчы аяқталды.
Іріктеу кезеңіндегі соңғы ойында футболдан Ұлттық құрама 0:1 есебімен жеңіске жетті.
Алаң иелері ойынды ширақ бастады, алайда 1-ші таймның 15-ші минутынан кейін қазақстандық футболшылар тізгінді өз қолына ала бастады. Құрама ойыншылары Гафуржан Сүйімбаев пен Исламбек Қуат алыстан соққы бағыттап көрді, бірақ оларға дәлдік жетіспеді. Ойыншылар 1-ші таймда 0:0 есебімен тарқасты.
2-ші таймда алма кезек шабуылдар жалғасты. Қазақстандық футболшылар 60-шы минутта өте қауіпті шабуыл ұйымдастырып, есеп ашуға қақпашы мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін 65-ші минутта Исламбек Қуат жылдам шабуыл нәтижесінде латвиялық қақпаның дәл бұрышына соққы бағыттап, гол соқты.
Матчтың соңында алаң иелері шабуылды үдете түсті, алайда Стас Покатилов қақпасына гол соғылмады.
Осылайша Юрий Красножан шәкірттері өз тобында 5 ұпай жинап, 5-ші орынға табан тіреді.
Латвия-Қазақстан – 0:1 (0:0)
Гол: Қуат 65
Латвия: Ванин, Максименко, Дубра, Габов, Горкшс (к), Лайзанс, А.Вишняков (Карашаскс 57), Цауня (Э.Вишняков 73), Зюзин (Икауниекс 83), Шабала, Ракель. Резерв: Икстенс, Штейнбор, Куракин, Тарасов, Камеш, Фрейманис, Фертов, Ягодинский, Козлов.
Қазақстан: Покатилов, Энгель, Малый, Логвиненко, Шомко, Куат, Смаков(к), Суюмбаев, Досмагамбетов (Конысбаев 68), Нусербаев (Гурман 82), Хижниченко (Щеткин 90). Резерв: Сидельников, Бойченко, Куантаев, Айтбаев, Бейсебеков, Нургалиев, Гетериев.
Ескерту: Карашаскс 73 – Қуат 84
Төрешілер: С.Маклин (Шотландия), Г.Стюарт (Шотландия), Д.Макгичи (Шотландия).
14 қазан. Латвия. Рига. «Сконто».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45