Чемпиондар Лигасы. «Астана» клубы өз алаңында португалияның «Бенфика» командасын қабылдайды
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 5-турында елордалық «Астана» клубы португалияның «Бенфика» клубымен ойнайды. Матч 25 қарашада Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.
«Біздің міндетіміз – футболшыларды жақсы ойнауға ынталандыру. Футболшылар ойынға жауапсыз әрі жеңіл-желпі қарау салдары жақсы нәтиже бермейтінін түсінді. Біздің осы жылы жеткен жетістіктеріміз футболшыларға әсер етті, олар барынша жауапты бола бастады.
Ең бастысы – біз биік мақсаттар мен міндеттер қойдық. Мен футболда мақсаттар мен міндеттер қашан да жоғары, биік болуы тиіс, деп санаймын», дейді «Астана» ФК бас бапкері Станимир Стойлов.
Айта кетейік, топттық кезеңнің алғашқы турында «Бенфика» клубы «Астананы» өз алаңында қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
4 турдан кейін «Астана» клубы «С» тобында 2 ұпаймен 4-орында келеді. Ал, 9 ұпайы бар «Бенфинка» 1-орында тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00