«Астана» футбол клубы клубтар арасындағы УЕФА рейтингінде 14 саты жоғарылады
Елордалық «Астана» клубы Чемпиондар Лигасының 5-турында португалиялық «Бенфика» клубымен тең ойнап (2:2), клубтар арасындағы УЕФА рейтингінде 14 саты жоғарылады.
11.525 ұпайы бар «Астана» клубы әлем клубтары бойынша 141 орында, ал, қазақстандық клубтар арасында 1-орында тұр.
Клубтар арасындағы УЕФА рейтингінде испаниялық «Реал Мадрид» 158.799 ұпаймен бірінші орында келеді. Екінші орында 149.664 ұпайы бар германиялық «Бавария» келеді. Ал, үздік үштікті «Барселона» клубы 148.799 ұпаймен қорытындылап тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25