ФИФА футболдан Ресейде өтететін ӘЧ-2018 матчтарының басталатын уақытын жариялады
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан Әлем чемпионатының басталатын уақытын бекітті.
Турнирдің ашылуы 14 маусымда Мәскеу уақытымен сағат 18:00-де басталады. Чемпионаттың ең ерте басталатын ойыны 16 маусымда сағат 13:00-де өтеді. Және сәйкесінше сол күні мундиальдің ең кеш басталатын матчы өтеді (22:00).
Қалған күндері кездесулер сағат 15.00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта өтеді. Финал Мәскеудегі «Лужники» стадионында 15 шілдеде сағат 18:00-де басталады.
Мундиальдің финалдық бөлігінде жеребе тарту Мәскеуде 2017 жылғы 1 желтоқсанда өтпек. Футболдан Әлем чемпионаты 2018 жылғы 14 маусымнан 15 шілдеге дейін Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда: Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Қазан, Волгоград, Төменгі Новгород, Самара, Саранск, Екатеринбург, Дондағы Ростов және Сочи қалаларында ұйымдастырылады
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25