Еуропа Лигасы: «Қайрат» клубы «Теута» командасын 5:0 есебімен ұтты
Алматының Орталық стадионында Еуропа Лигасының бірінші іріктеу раунды аясында «Қайрат» командасы мен Албанияның «Теута» футбол клубының кездесуі өтті. Аса тартысты өткен матчта алматылықтар қарсыластарын 5:0 есебімен ұтты.
Ойын бастала салысымен «Қайрат» клубы жанкүйерлердің қолдауымен ойын тізгінін өз қолдарында алып, шабуыл жасауға көшті. Ойынның 27-ші минутында Жерар Гоу есеп ашты. Ал, бірінші тайм соңында Михаил Бакаев есепті 2:0-ге жеткізді.
Ойынның 60-шы минутында оң қапталдан Бауыржан Исламханның айып алаңына берген пасын ұтымды пайдаланған Жерар Гоу гол соқты. Арадан көп уақыт өтпей Гаэль Тавамба төртінші голдың авторы атанды. Бауыржан Тұрысбек 79-шы минутта ойындағы соңғы голды салды. Қорытынды есеп – 5:0.
Айта кетейік, сырт алаңдағы ойында «Қайрат» клубы «Теутаны» 1:0 есебімен ұтқан болатын
«Қайрат» клубы Еуропа Лигасының келесі кезеңіне жолдама алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25