Георгий Жуков ресейлік «Урал» клубына көшті
«Астана» футбол клубының бұрыңғы жартылай қорғаушысы Георгий Жуков ресейлік «Урал» клубымен ұзақ мерзімді келісімге қол қойды, деп хабарлайды Сhampionat.com.
Екатеринбургтықтар ойыншының келісімшартын бельгиялық «Стандард» клубынан сатып алды. Кеше Словенияда Жуков медициналық тексерістен өтіп, бүгін үш жылға созылатын келісімге қол қойды.
Қазақстандық және бельгиялық төлқұжаттары болғанымен де, футболшы ресейлік төлқұжатқа да ие. Сондықтан, Жуков РФПЛ-нда ресей азаматы ретінде тіркелуі мүмкін.
Өткен маусымда Георгий орталық жартылай қорғаушы ретінде голландиялық «Рода» клубымен жалға алынған болатын. «Рода» үшін Жуков 16 ойын өткізіп, бір гол соқты.
Естеріңізге сала кетсек, Георгий Жуков «Астана» футбол кулбында 2014 жылдың қаңтар айы мен 2015 жылдың желтоқсан айы аралығында өнер көрсеткен болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25