«Kazsport» телеарнасы «Астана» - «Селтик» матчын тікелей эфирде көрсетеді
27 шілдеде елордалық «Астана Арена» стадионында «Астана» және «Селтик» командалары арасында матч өтеді.
«Астана» командасына шотландиялық «Селтик» Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде қарсылас болды.
Глазголық клуб ойынның екінші айналымында екі кездесуден кейін гибралтарлық «Линкольнді» өтті. Алаң иелеріне еншісін жіберген «Селтик» (0:1) өз үйінде қарсыласын тізе бүктірді (3:0). Барлық голды шотландықтар бірінші таймда соққан. Гол авторлары –Микаэль Люстиг, Ли Гриффитс және Патрик Робертс.
Командалар арасындағы жауапты ойын бір аптадан кейін Шотландияда өтпек. «Астана» чемпиондар Лигасында «Селтик» үшін екінші қазақстандық команда.
2013 жылы шотландтық клуб екі кездесудің нәтижесі бойынша қарағандылық «Шаxтерді» айласынан асырды. «Астана Арена» алаңында жауапсыз екі доп жіберген «Селтик» үйіндегі ойында қосымша уақытта шешуші голды салып, 3:0 есебімен басым түскен.
«Астана»-«Селтик» кездесуі 27 шілде күні сағат 20:00 де «Астана Арена» стадионында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, ойынды 19:30-да «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25