Үшінші Алматы марафонында 10 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды
Үшінші Алматы марафонында дертке шалдыққан екі баланы емдеуге 10 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шараның ашылу салтанатында қала әкімі Ахметжан Есімов салауатты өмір салтының маңыздылығын, қала тұрғындары үшін осындай шаралардың мәнділігін атап өтті.
Марафонға қатысушылар 42 шақырымдық қашықтыққа жүгірді. Ал, балалар үш шақырымнан жоғары қашықтықтарда өз мүмкіндіктерін сынап көрді. Тұрғындардың басым бөлігі 10 шақырымға жүгірген.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы 27 мамырда Алматы ұзақ жылдардан бері бұқаралық марафон өткізіліп келе жатқан әлемдегі ірі астаналар трендіне қосылған. Алматыдағы «Бірінші болуға батылдық» атты І қайырымдылық марафонына 2 500 адам қатысқан.
Ал, 2013 жылы шараға 6 мыңнан астам астам қатысқан.
Осы жылы «Алматы марафоны» Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығына (AIMS) мүше болып, Бостон, Амстердам, Нью-Йорк марафондарымен қатар тұрды.
Фото: vesti.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00