Ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрамасының Әлем чемпионатына баратын тізімі жарияланды
Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Лима (Перу) қаласында 17 жасқа дейінгі ерлер мен қыздар арасында өтетін Әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалуда, деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын зілтеміршілер құрамы төмендегідей:
Әйгерім Ауылбек (58 келі) – жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері, Қазақстан чемпионы;
Татьяна Капустина (+63 келі) – Жасөспірімдер Олимпиада ойындарының жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері, жастар арасындағы ҚР чемпионы;
Игорь Сон (50 келі) – жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Азия чемпионатының чемпионы, Қазақстан чемпионы;
Игорь Шварц (56 келі) – Қазақстан чемпионы;
Арыстанбек Жақанша (69 келі) – жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының жүлдегері;
Шыңғыс Сағындықов (85 келі) – жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионы.
Айта кетерлік жайт, жасөспірімдер құрамасының екінші бөлігі қазіргі күні 6-13 маусым аралығында Вроцлавта (Польша) 20 жасқа дейінгі зілтеміршілер арасында өтетін Әлем чемпионатына дайындалу үстінде.
Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты 8-12 сәуір аралығында өтеді.
sk-sport.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25