Алматыдағы AIBA Бүкіләлемдік бокс академиясында «Чемпиондар аллеясы» ашылды
Алдағы уақытта чемпиондық Аллеяға өз үлестерін бокс, дзюдо, күрес және таэквондо құрама командалары қосатын болады.
Ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Кирилл Павлов, ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрама командасының бас бапкері Алексей Ни және бапкер Тойшан Бектеміров бірінші болып туя ағашын отырғызды.
«Чемпиондар Аллеясына» бірінші болып ауыр атлеттердің ағаш отырғызуы біз үшін үлкен мәртебе. Бұл жерде басқа чемпиондардың да ағаштары болады. Біз әрқашан Конфедерацияның осындай шараларына қатысқанымызға қуаныштымыз. Өйткені, біз үлкен бір спорт отбасымыз ғой. Уақыт болып жатса, өзге де зілтеміршілермен осы жерге міндетті түрде келеміз», - деді Ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни.
Әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев игі бастама туралы пікірін білдірді: «Халықта әрбір ер жігіт үш нәрсені жасауға міндетті: Үй салу, ағаш отырғызу және отбасын құру. Сондықтан да мен үшін бүгінгі шара маңызды. Енді біздің достарымыз осы жерге өз ағаштарын отырғызады. Мүмкін кейін бәріміз жиналып осы жерге келіп, өз ағаштарымызды көретін де шығармыз».
Конфедерацияның мәліметінше, ұйымға кіретін әр бір спорт түрінің «Чемпиондар Аллеясында» өз ағаштары болады. Зілтеміршілер туя ағашын отырғызса, боксшылар, палуандар, дзюдошылар мен таэквондошылар басқа ағаш тұқымдарын осы жерге отырғызатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00
Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы
10.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы жүлдеге таласады
10.05.2026, 15:35
Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінің чемпионы
09.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстандық үш дзюдошы жүлдеге таласады
09.05.2026, 17:01
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15