Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына Қазақстан атынан төрт спортшы қатысады
6-13 маусым арасында Польшаның Вроцлав қаласында 20 жасқа дейінге жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік жарысқа ұзақ уақыт бойы дайындалған арнайы төрт зілтемірші таңдалды, деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Әлем чемпионатына Қазақстан атынан сынға түсетін барлық спортшылар осыған дейін бірнеше рет халықаралық сайыстарға қатысып, тәжірибе жинақтаған. Мысалы:
Әйгерім Ауылбек (58 келі) – жасөспірімдер арасындағы (17 жасқа дейін) Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2015), жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2015), Қазақстан чемпионы.
Екатерина Быкова (75 келі) – I Афро-Азиялық чемпионаттың және III Азия Кубогының жүлдегері (2014), Қазақстан чемпионы.
Михаил Макеев (77 келі) – жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері (2013), жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының жүлдегері (2015), Қазақстан чемпионатының жүлдегері.
Аят Әмірбеков (85 келі) – жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері (2013).
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00
Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы
10.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы жүлдеге таласады
10.05.2026, 15:35
Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінің чемпионы
09.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстандық үш дзюдошы жүлдеге таласады
09.05.2026, 17:01
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15
Еуропа лигасы және Конференция лигасы: финалистер анықталды
08.05.2026, 09:00