Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған марафон қатысушылары Астанаға жетті
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған марафон 1 тамызда Ақмола облысы Бурабай ауданының Абылай хан алаңынан басталған және тура 550 шақырымға созылады.
Ақмолалық екі жеңіл атлет - Балғабай Күлпейісов пен Қалибек Әбілов 10 күнге созылатын марафонды Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап жүгіріп өтпек.
«Осы марафон арқылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ірі мәдени шараларға үлесімізді қосқымыз келеді. Бұл, әрине, ең алдымен бабалар рухына еткен тағзымымыз. Басты мақсатымыз - жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу, оларды салауатты өмір салтын ұстануға тарту және бұқаралық спортты дамыту», - дейді жеңіл атлет Қалибек Әбілов.
Марафоншылар таң шапағы қылаң берген сәттен ақшам түскенге дейін жүгіретіндерін айтты. Бұл шараға олар жарты жыл көлемінде дайындалған. Атап өтейік, аталмыш марафон Ақмола облысында басталып Астана арқылы Қарағанды облысына, одан кейін киелі Ұлытау жеріне жетуді көздейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25