Зілтемірші Фаина Сиванбаева Азия чемпионатында қола жүлде ұтып алды
Таиландта өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының екінші жарыс күні Қазақстан құрамасының спортшылары екінші жүлде иеленді.
63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Фаина Сиванбаева қоссайыс бойынша 229 (103+130) келі көтеріп, жарыстың қола медальін еншіледі. Ал, бұл сайыста 240 (105+135) келі көтерген қытайлық Жу Веню жеңіске жетсе, екінші орынға 233 (103+130) келі көтерген таиландтық Сирикаев Пимсири тұрақтады.
Осы күні жарыс алаңына шыққан тағы бір қазақстандық Александр Ким (69 келі) қоссайыс қорытындысы бойынша 312 (142+170) келі көтеріп, 6-шы орын алды.
Айта кетейік, бүгін жарыс жолына 77 келіде Айдар Қазов пен Батыр Асраров, ал 85 келіде Ермек Өміртай мен Семен Линдер шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25