ОҚО әкімі Жазира Жаппарқұлға қаржылай сертификат табыстады
Өңір басшысы Б.Атамқұлов ауыр атлетикадан Қазақстанның Еңбегі сіңген спорт шебері Ж.Жаппарқұл мен оның бапкері, ауыр атлетикадан Қазақстанның Еңбегі сіңген спорт шебері В.Нюді қабылдады.
Облыс әкімі Ж.Жаппарқұлды таяуда ғана АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен ауыр атлетикадан ересектер мен әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында жеңіп алған күміс жүлдесімен құттықтап, 4 миллион теңгенің қаржылай сертификатын табыстады. Ал, спортшының бапкері В.Нюге 1 миллион теңгенің қаржылай сыйлығы берілді.
Айта кетейік, 20-29 қараша аралығында Хьюстонда өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында оңтүстікқазақстандық 4 спортшы қатысып, нәтижесінде Ж.Жаппарқұл 69 келі салмақта 2-орынды жеңіп алып, Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдаманы қанжығасына байлады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25