Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогында жалпыкомандалық 2-ші орын алды
Ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасы Грозныйда (Шешенстан, Ресей) өткен РФ Президенті Кубогында жалпыкомандалық есепте 2-ші орын алды.
Қазақстандық зілтеміршілер 5 медаль ұтып алды. Оның біреуі алтын және төтреуі күміс жүлде. Ал, командалық бәсекеде 1-ші орынды жарыс қожайындары Ресей құрамасы жеңіп алды. Олардың қоржынында үш алтын мен бір қола медаль бар. Үздік командалар үштігін АҚШ құрамасы түйіндеді.
Еске сала кетейік, 105 келіге дейінгі салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин екі әлемдік рекорд орнатып, жарыс жеңімпазы атанды. Осы салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір отандасымыз Александр Зайчиков күміс жүлде иеленді.
Сонымен қатар, күміс медальды Денис Уланов (94 келі), Светлана Подобедова (75 келі) мен Александра Аборнева (75 келіден жоғары) жеңіп алған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25