Қазақстандық ауыр атлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртай допинг қолданды деп айыпталуда
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Хьюстонда өткен Әлем чемпионатанды қазақстандық спортшылар Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайдың қандарынан рұқсат етілмеген препараттың ізі табылғанын хабарлады.
Допинг дауына Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Грекия, Молдова, және солтүстіккорея елдерінің 17 спортшысы ілігіп отыр. Бұл спортшылардың бірінші допинг тексеруінің нәтижесі. Енді, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы спортшылардың қанын екінші рет тексеруге жібереді, егер бұл тексеруде де спортшылардың допинг қолданғаны дәлелденсе, 2 жылға спорттан шеттетіледі.
Қазақстандықтардың арасында Жасұлан Қыдырбаев бұл дауға екінші рет ілігіп отыр. Ол 2012 жылы допингпен ұсталып, 2 жылға спорттан шеттетілген болатын. Бұл жолы да допинг қолданғаны анықталса өмір бойы спорттан шеттетілуі мүмкін.
Еске сала кетейік, Хьюстонда өткен Әлем чемпионатында 94 келі салмақта Алмас Өтешов күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медель иеленген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25