Ольга Рыпакова «Гауһар лигасының» Ослодағы кезеңінде алтыншы орынға тұрақтады

Норвегияның Осло қаласында өткен "Гауһар лигасы" кезеңінде қазақстандық Ольга Рыпакова алтыншы орын иеленді. .

Үш қарғып секіруден Ослодағы бәсекеде колумбиялық Катрин Ибаргуэн 14.89 метрге секіріп, жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені 14.57 нәтижесімен америкалық Тори Франклин иеленсе, қола жүлдеге 14.50 көрсеткішімен ямайкалық Кимберли Уильямс қол жеткізді.

Ольга Рыпакова бұл сында 14.12 метрге секіріп, алтыншы орынға жайғасты. Бір айта кетерлігі, жүлдеге қол жеткізген спортшылардың барлығы да "Гауһар лигасында" сәуір айынан бері өнер көрсетіп келеді. Ал жерлесіміз Рыпакова үшін бұл биылғы маусымдағы алғашқы ресми турнир. 

"Гауһар лигасы". 7 маусым, Осло. Үш қарғып секіру, әйелдер:

1. Катрин Ибаргуэн (Колумбия) – 14.89 метр;

2. Тори Франклин (АҚШ) – 14.57;

3. Кимберли Уильямс (Ямайка) – 14.50;

6. Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14.12.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты
«Интер» Чемпиондар лигасының финалына шықты
Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды