Виктория Зябкина халықаралық Filothei Women Gala турнирінде жеңіске жетті
Еліміздің үздік спринтері Виктория Зябкина Афинада өткен халықаралық Filothei Women Gala турнирінде 100 метрге жүгіруден чемпион атанды.
Отандасымыз сайыс басталысымен жүлде жолында бәсекелестерін қапы қалдырып кетті. Викторияның нәтижесі – 11.44 секунд. Екінші орын украиналық Наталья Погребнякқа бұйырды.
Айта кетейік, Филотеидегі жарыс Зябкина үшін Грекиядағы үшінші халықаралық дода. Алғашқы екеуінде қазақстандық атлет екінші орын алған. Осы жолы алғаш рет жеңіске жетті.
Filothei Women Gala. Афины-Филотеи. 100 метрге жүгіру.
Әйелдер:
1. Виктория Зябкина (Қазақстан) – 11.44 сек.
2. Наталья Погребняк (Украина) – 11.62 сек.
3. Григория-Эммануэла Керамида (Грекия) – 11.84 сек.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00