Шарапова жарыстан шығып қалды
Цинцинатты қаласында өтіп жатқан WTА Cincinnati Masters турнирінің екінші кезеңінде ресейлік теннисші қыз Мария Шарапова жеңіліс тапты. Атақты теннисші қызды дәл осылайша дәрменсіз өнер көрсетіп, жарысты ерте аяқтайды деп ешкім де ойламаған болатын. Бірақ, қарсыласы да оңай болмай шықты. АҚШ теннисінің жарқын болашағына баланып келе жатқан Слоан Стивенс татар қызы Марияны 6:2, 6:7, 3:6 есебімен жеңіп кетті. Ал Мария Шарапова Уимблдон турнирінен кейін бірінші рет кортқа шықты. Өйткені ол жарақатына байланысты Монреалдағы, Стэнфордтағы, Вашингтондағы және Торонтодағы турнирлерге қатыспаған болатын. Келесі айналымда Стивенс енді сербиялық Елена Янкович пен ресейлік Екатерина Макарованың арасындағы текетірестің жеңімпазымен кездеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00