Басты Жаңалықтар WTA қорытынды турнирі басталды

WTA қорытынды турнирі басталды

WTA қорытынды турнирі басталды

WTA қорытынды турнирі басталды Стамбулда Әйелдер Теннис қауымдастығының қорытынды турнирі жалауын көтерді.

Жарыстың алғашқы кездесуінде алаңға Виктория Азаренка мен Сара Эррани шықты. 2 сағат 15 минутқа созылған бәсекенің бірінші сеті аса тартысты өтті. Қарсыластар бір біріне дес бере қоймай, тай-брейкке дейін жетті. Бұл сында Азаренканың мерейі үстем болды. Екінші сетте Беларусь қызы көп қиналмай-ақ басым түсті. Қорытынды есеп 7:6, 6:2, Азаренканың жеңісі.

Әлемнің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямс неміс қызы Ангелика Кербермен күш сынасып, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 1 сағатқа жалғасқан кездесуде Серена 4 брэйк және 5 эйс жасады.

Чехия елі үкілеп қосып отырған Петра Квитова польшалық Агнешка Радванскамен бәсекелесіп, 6:4, 6:4 есебімен жеңіс тойын тойлады.

Бөлісу