Зарина Диас WTA рейтингінде 8 сатыға жоғарылады
Қазақстандық теннисші Зарина Диас WTA рейтингінде алғаш рет 85-ші орынға көтерілді. Ол Малайзияда өткен турнирде ширек финалға жеткеннен кейін, тізімде 8 сатыға жоғарылады.
Айта кетейік, Зарина Диас Малайзиядағы жарыста әлемнің 10-шы ракеткасы, словакиялық Доминика Цибулковаға 6:4, 2:6, 4:6 есебімен жол берген еді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова рейтингтегі орнын сақтап қалды. Ол 55-ші орында. Ал Галина Воскобоева екі саты төмен сырғып, 65-ші орыннан 67-ші орынға жайғасты. Юлия Путинцева 159-шы орыннан 151-ші орынға көтерілді. Ал Сесиль Каратанчева 179-шы орында.
Алғашқы ондықта ешқандай өзгеріс болған жоқ. Топ басында – америкалық теннисші Серена Уильямс. Екінші және үшінші сатыда қытайлық Ли На мен польшалық Агнешка Радванска.
Естеріңізге сала кетейік, Зарина Диас сұхбатында бұл маусым қорытындысы бойынша үздік отыздыққа енуді мақсат етіп отырғанын айтқан болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00