Андрей Голубев «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына өтті
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев және австралиялық Сэмюэл Грот жұбы жұптық сайыста Францияның ашық біріншілігі - «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ширек финалда олар Лукаш Кубот/Роберт Линстедт поляк-швед жұбынан 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.
Енді жартылай финалда Голубев пен Грот француз спортшылары - Жюльен Беннето мен Эдуард Роже-Васслен және аргентиналық Максимо Гонсалес пен Хуан Монако жұптарының жеңімпаздарымен кездесетін болады.
Еске сала кетейік, үшінші айналымда Голубев пен Грот қарсыластары Джек Сок (США) пен Жоао Соуза (Португалия) жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00