Бақтияр Артаев WSB комиссиясының құрамына енді
Бүгін әуесқой бокстың Халықаралық қауымдастығының (AIBA) президенті Чин Куо Ву WSB (Бүкіләлемдік Бокс Сериясы) комиссиясының жаңа мүшелерін тағайындады.
WSB комиссиясының басшысы болып аргентиналық Освальдо Бисбал тағайындалса, оның көмекшісі ресейлік Максим Шабарин болды. Комиссия құрамына Афина Олимпиадасының чемпионы, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының басшысы Бақтияр Артаев та енді.
Жаңа құрылған комиссия мүшелерінің арасында әзірбайжандық «Баку Файерс» клубының бас менеджері Ризван Генжиев, Альберто Пуй де ла Барса (Куба), Джон Дови (Франция), Энтони Бартковски (АҚШ) бар.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана Арланс» WSB аясындағы бәсекенің алғашқы кездесуін ертең Алматыда дәл осы «Баку Файерс» клубымен өткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00