Басты Жаңалықтар Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы - Осуману Адама

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы - Осуману Адама

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы - Осуману Адама

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын 10-шы рет қорғамақ. Оның қарсыласы - Гана елінің 32 жастағы былғары қолғап шебері Осуману Адама. Жекпе-жек 1 ақпанда Монте-Карлода өтеді.

Ганалық боксшы кәсіпқой шаршы алаңда 25 жекпе-жек өткізіп, оның 22-де жеңіске жеткен. Ал үш кездесуде жеңілістің ащы дәмін татқан.

2011 жылы Адама ресейлік Роман Кармазинді нокаутқа жіберген. Алайда IBF  тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте австралиялық Дэниэл Гилге ұтылды.

Ол өзінің соңғы жекпе-жегін 2013 жылдың 26 шілдесінде америкалық Доэль Карраскильомен өткізді.

Естеріңзге сала кетейік, Геннадий Головкин кәсіпқой бокста өткізген 28 кездесудің барлығында жеңіске жетті. 25 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

 

Бөлісу