Басты Жаңалықтар Бейбіт Шүменов Ковачты үшінші раундта нокаутқа жіберді

Бейбіт Шүменов Ковачты үшінші раундта нокаутқа жіберді

Бейбіт Шүменов Ковачты үшінші раундта нокаутқа жіберді

Жартылай ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша супер чемпион қазақстандық Бейбіт Шүменов өз атағын қорғап қалды. Ол қарсыласы - словак Тамаш Ковачты үшінші раундта нокаутқа жіберді.

Жекпе-жек АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтті. Қазақ боксшысы жекпе-жекті салған жерден шабуылмен бастады. Үш раундта да қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшіншісінен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, Бейбіт техникалық нокаутпен жеңіске жетті деп танылды.

Бейбіт Шүменов осы бәсекеге дейін кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізіп, оның 13-де жеңіске жеткен. 8 жекпе-жекте қарсыластарын нокаутқа жіберген. Ал Томаш Ковач 23 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіпті. 14 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Бұл оның алғашқы жеңілісі.

Бұған дейін Шүменов бір жарым жыл бойы рингке шықпаған болатын. Келесі жекпе-жегін қазақ боксшысы жартылай ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы 48 жастағы америкалық боксшы Бернард Хопкинспен өткізуі мүмкін деген болжам бар.

Бөлісу