Марина Вольнованың жеңісі
Ханты-Мансийскте (Ресей) бокстан ХІ Әлем кубогы аяқталды. Мұнай елдері былғары қолғап шеберлерінің басын қосқан турнир 22 желтоқсанда аяқталды. Байрақты бәсекенің қола жүлдесі Гүлжайна Уббиниязова мен Азат Махметовтерге бұйырды.
Сондай-ақ, Марина Вольнова Сібірде алғаш болып мұнайдың көзін тапқан Социалистік еңбек ері Фарман Курбан оглы Салмановты еске алуға арналған халықаралық біріншіліктің үздік боксшысы атанды.
Турнирдің ерлер арасында өткен жұдырықтасуларында Қазақстанның намысын Азат Махметов (52 кг) пен Жанұзақ Мадияр (56 кг), ал әйелдер бағдарламасында — Сұлтанқызы Сәния (51 кг), Уббиниязова Гүлжайна (60 кг), Әбдраимова Әлия (64 кг), Марина Вольновалар (75 кг) қорғады.
Бокстан мұнай елдерінің боксшылары қатысқан Әлем кубогына дүние жүзінің 14 елінен 120-дан астам спортшысы қатысты.
confederation.kz