Максим Раков дзюдодан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді
Кувейттің астанасы Эль-Кувейтте дзюдодан Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының бір спортшысы финалға, ал бес дзюдошы қола үшін белдесуге шыққан еді.
Ұлттық құраманың тәжірибелі спортшысы Максим Раков (100 келіге дейін) Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Финалда ол жапониялық Кайхан Тахагиге есе жіберді.
Ал, «қола» үшін күрескен бес спортшының тек екеуі жеңіске жетті. 100 келіден артық салмақ дәрежесінде сынға түскен Ержан Шынкеев моңғолиялық Темуулен Баттулганы жеңіп, Азия чемпионатын 3-ші орынмен аяқтады.
Ал, қыздар арасында 78 келіден жоғары салмақта күрескен Гүлжан Исанова Қырғыз елінің дзюдошысы Нағира Сарбашовадан басым түсіп, қола медаль ұтып алды.
Бүгін аяқталатын Азия чемпионатында командалық жарыстар өтеді. Бұл сайысты «KAZsport» телеарнасы сағат 19:45-те тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00
Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы
10.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы жүлдеге таласады
10.05.2026, 15:35
Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінің чемпионы
09.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстандық үш дзюдошы жүлдеге таласады
09.05.2026, 17:01
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15