Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің шешімен дзюдодан Қазақстан Ұлттық ерлер құрама командасының бас бапкері ауысты. Бас бапкер ретінде ресми түрде Смағұлов Айдын Құдайбергенұлы тағайындалды.

Смағұлов Айдын Құдайбергенұлы – қазақстандық маман, дзюдодан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Даңқ» орденінің иегері. Дзюдодан бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Чемпионы, С.Жандосовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің 4 дүркін жеңімпазы, Ж.Хамитжановты еске алуға арналған халықаралық турнир жеңімпазы (1999 ж), Түркияда өткен Халықаралық турнир жеңімпазы (1998), Орталық-Азия ойындарының жеңімпазы (1999). Бапкерлік қызметін 2005 жылы Алматы облысының аға жаттықтырушысы болып бастаған. 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, 2010-2012 жылдары «Жастар» спорт кешенінде директордың бірінші орынбасары, 2012-2017 жылдар аралығында Қазақстан Ұлттық құрама командасында жаттықтырушы қызметін атқарған. Сонымен қатар, Айдын Смағұлов 2000 жылы Қырғызстан Республикасы сапында Сиднейде өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, қола жүлдеге ие болған.

Бұған дейін Ұлттық құрама тізгінін Имамбеков Ермек Әбуұлы ұстап келген болатын Естеріңізге сала кетсек, Ермек Имамбеков тұсында Қазақстан ерлер құрамасы жазғы олимпиада ойындарынан 1 күміс, Әлем Чемпионатынан 1 алтын, 2 күміске, Азия ойындарынан 1 алтын, 1 күміс, 1 қолаға, командалық жарыс бойынша 1 күміс медальға қол жеткізген болатын.
 

Айта кетейік, Айдын Смағұлов Ұлттық құраманың бас бапкері ретінде 19-21 қаңтар күндері Тунисте өтетін Әлемдік Гран-Придің алғашқы кезеңіне спортшыларымызды бастап барады. Байрақты бәсекені «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен 19 қаңтар, 20:55-те көре аласыздар.

 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада өтетін World boxing cup турниріне қатысатын ел құрамы белгілі болды
Теннис: Зарина Дияс жартылай финалға өтті
Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жеңді
Қазақстан U23 құрамасы Азия чемпионатының бірінші күні 6 медальға ие болды
«Реал» мен «Аль-Хиляль» тең тарқасты
Ресми: Жоан Гарсия «Барселонаның» қақпашысы атанды
Оралда дәстүрлі садақ атудан Қазақстан біріншілігі өтті
Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді
Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді
Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы белгілі болды
Дарын Қонысбаев Азия кубогының жеңімпазы атанды
Қазақстандық таеквондошылар Austrian Open турнирінде бес медальға ие болды
Параволейболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанды
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Су спорт түрлері федерациясының жаңа бас хатшысы атанды
Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті
Астана алғаш рет баскетболдан әлем чемпионатын өткізеді
АҚШ-та өтетін халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты