Басты Жаңалықтар Дзюдодан "Grand Slam" турниріне қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды

Дзюдодан "Grand Slam" турниріне қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды

Дзюдодан "Grand Slam" турниріне қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды

17-18 наурыз күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлмдік «Grand Slam» турнирі өтеді. 34 мемлекеттен 262 спортшы қатысады деп жоспарланған. Ал, Қазақстан құрамасынан 12 дзюдошы қатысады.

Әлемдік додада ел намысын ерлер арасынан - Елдос Сметов (60 кг), Ғұмар Қырғызбаев (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Бекжан Абдуалиев (81 кг), Әділет Миссин (90 кг) қорғайды.

Ал, әйелдер арасынан Әйгерім Төреғожина (48 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Назүл Құбашева (63 кг), Ділбар Өміралиева (63 кг), Зере Бектасқызы (70 кг), Альбина Амангелдиева (-78 кг), Зарина Райфова (-78 кг) бақ сынамақ.                             

Аталған бәсекенінің алғашқы күнін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция уақыты: 17 наурыз, 17:55, ал екінші жарыс күнін «Qazsport» арнасынан 19 наурыз күні сағат 11:35-те көре аласыздар. 

Бөлісу