Моңғолиядағы қазақтар құсбегілікті жаңғыртуға үлкен үлес қосуда
Қазақ елінде ұйымдастырылған бүркітшілер фестиваліне көптеген елден мейман келді. Олардың ішінде Моңғолия елінің бүркітшілері де бар. Бұл жарысқа қатысқан он бүркітшінің екеуі жүлде алды.
Моңғолияда 2000 жылы Бүркітшілер одағы құрылған. Оның мақсаты – қазақтың төл өнерін бәз қалпында сақтау, алыс-жақын елдерге таныстыру, ұрпақтан ұрпаққа қалдыру. Осы уақыттан бастап Моңғолияда жыл сайын қазанның алғашқы жұмасында дәстүрлі бүркітшілер тойы өткізіледі. Бұл тойға алыс-жақын шетелден саяхатшылар арнайы барады екен.
Моңғолия Бүркітшілер қоғамының төрағасы Медеухан Сайполдаұлы Баян-Өлгей аймағындағы қазақтар құсбегілікті жаңғыртуға үлкен үлес қосып отыр дейді. 2010 жылы құсбегілік ЮНЕСКО-ның құнды мұралар тізіміне енгізілген.
Баян-Өлгей аймағында 400-ге жуық бүркітші бар. Солардың бірі - Башақан Рыспайұлы. Қазақ жеріне алғаш рет келген құсбегі жарысқа «Қыранын» қосты. Айта кетейік, фестивальға 9 елдің бүркітшілері жиналған болатын. Олар бір-бірімен жақын танысып, тәжірибелерімен бөлісті. Саятшылар қазақтың төл өнерін әрі қарай жаңғыртуға үлес қоспақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45