«Қазақстан Барысы-2014» үш кезеңнен тұрады
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық төртінші турнирінің іріктеу шаралары басталды.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.
Оның айтуынша, салмағы 80 келіден жоғары, жасы 18-ге толған әрбір палуанның «Қазақстан Барысы» жобасында бақ сынауға мүмкіндігі бар.
«Бүгінде қазақ күресімен Қазақстан бойынша 35 мыңнан астам бала мен ересектер айналысады. Олар 500-ден астам жаттықтырушы дайындауда»,- дейді агенттік басшысы.
«Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу жарысының бірінші кезеңі 31 наурызға дейін ауылдарда өтеді, ал екінші кезең аудандық және қалалық дәрежеде сәуір айы бойы ұйымдастырылады.
Үшінші кезеңінде облыстық іріктеу жарыстары 1-20 мамыр аралығында өтсе, турнирдің ақтық сыны 29 маусымда Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді.
Т.Есентаевтың сөзіне қарағанда, республикалық ақтық сайысқа қатысатын палуандар арасында биылғы 25-30 мамыр аралығында Алматыда 5 күндік оқу-жаттығу жиыны өткізіледі.
Жиын барысында соңғы сайысқа іріктелген палуандар үшін тереңдетілген медициналық тексеру, допинг-сынама, фото-бейне түсірілімдер ұйымдастырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания – Аустрия: Тікелей эфир!
02.07.2026, 14:30
«Qazsport» телеарнасындағы Португалия – Өзбекстан матчы рейтингте көш бастады
02.07.2026, 14:20
АҚШ 1/8 финалға жолдама алды
02.07.2026, 11:00
Бельгия ғаламат камбэк жасады
02.07.2026, 09:30
Англия 1/8 финалға шықты
02.07.2026, 06:00
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12