«Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу кезеңі 5 өңірде аяқталды
Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы-2014» республикалық турнирінің іріктеу кезеңінің бірінші айналымы 5 өңірде өткізілді. Іріктеу кезеңі Қызылорда облысының барлық ауыл-аймағында ұйымдастырылған. Бұл өңір 100 пайыздық көрсеткішке ие.
Жамбыл облысындағы 156 селолық округтің 148-де іріктеу кезеңдері өткізілді. Қатысу көрсеткіш - 94,8 пайыз.
Қарағанды облысындағы 9 аудан мен 181 селолық округ те іріктеу кезеңінен сырт қалған жоқ.
Ақтөбе облысының Байғанин, Темір және Ырғыз аудандарына қарасты ауыл-аймақтардың барлығында іріктеу кезеңі өтті. Қатысу көрсеткіші - 59,7 пайыз.
Атырау облысындағы 7 ауданның екеуіне қарасты ауыл-аймақтарда (Жылыой, Мақат) іріктеу кезеңінің бірінші айналымы өткен жоқ. Тек қана Құрманғазы ауданына қарасты селолық округтерде «Қазақстан Барысына» іріктеу кезеңі толығымен жүзеге асты, деп хабарлайды «Қазақстан барысының» Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00