Астанада асық атудан республикалық турнир өтеді
Астана қаласының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде 25 мамыр күні асық атудан республикалық ашық турнир өтеді.
Турнирге еліміздің әр облысы және Астана мен Алматы қалаларының командалары қатысады.
Әр команда құрамына 3 адам кіреді: оның біреуі 16 жасқа толмаған жасөспірім ойыншы болса, екіншісі 16 жастан асқан спортшы мен 1 жетекші.
Турнир ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен республикалық «Асық ату» федерациясы ұйымдастыруымен өткізіледі.
Сайыс 2011 жылы бекітілген «Асық ату ойынының ережесі» бойынша жүргізіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, қомақты жүлдеге ие болады. 1-ші орын алған спортшыға 300 мың теңге, 2-орынға 200 мың теңге, 3-орынды иелегенге 100 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының сайты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30