Бүгін «Қазақстан Барысы -2014» финалында белдесетін палуандар таныстырылады
Қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін өткізілетін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалына қатысатын барлық палуан анықталды.
22 мамыр күні сағат 11:00-де Астанадағы Республикалық спорт колледжінің залында еліміздің ең үздік 33 палуанын таныстыру рәсімі өтеді.
«Шығыс Барысы», 2013 жылғы жеңімпаз Айбек Нұғымаров пен «Тараз Арланы», 2012 жылғы чемпион Бейбіт Ыстыбаев жобаның финалдық сынына қатарынан төртінші рет жолдама алып отыр.
Еліміздің 16 аймағында республикалық додаға іріктеу кезеңі аяқталды. Төртінші маусымдағы іріктеу сыны көптеген тосынсый толы болды. Атап айтар болсақ, жарыстың ардагер палуаны Мұрат Кеңтонов (Қостанай облысы) пен тұңғыш «барыс» Ұлан Рысқұл (Қызылорда облысы) финалдық сыннан сырт қалса, жарақатына орай Максим Гербер (Қостанай облысы) мен Виктор Демьяненко (Алматы қаласы) турнирге қатыса алмайды. Ал тәжірибелі палуан Шалқар Жоламанов бір жылдық үзілістен соң жобаға қайта оралды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Барысы» жобасының биылғы бәсекесі 29 маусым күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді ( басталуы - 13:00). Билеттер сатылымға ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап түседі. Жеңімпазға алтын белбеу, тайтұяқ және 150 мың АҚШ доллары табысталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55